+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«От болып, өлең болып өткен ақын»

2018 жылғы 27 шілде күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын Тоқаш Бердияровтың бақилық болғанына 30 жыл толуына орай «От болып, өлең болып өткен ақын» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Тұрысов Еркінбек Тұрысұлы ақын өмір сүрген кезең мен әдеби үдеріс жайында терең ой қозғады.
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты жазушы, драматург Мархабат Байғұт Тоқаш Бердияров жайындағы естеліктер айтып, ақынның әдеби мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелерге тоқталды.
«Талантымен талайды тамсандырған тылсым тағдыр туралы толғаныстар» кітабының бірінші кітабының тұсаушешер рәсімі өтті. Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі журналист Әбдісаттар Әліп Тоқаш жайындағы екінші кітаптың баспаға ұсынуға дайын екендігін атап өтті.
ақын, сыншы Сарсенбек Сахабат, жазушы Шойбек Орынбай Тоқаштың поэзиясы жайында талдау жасады. Ақын Сабырбек Нұрманұлы,ақын Қыздаркүл Омарова арнау оқыды.
Тоқаш Бердияровтың жырын жастар жатқа оқыды, туыстары естеліктерімен бөлісті. Тоқаш ақынға арналған әнді Гүлжан Сұлтанқызы орындады. Кешті Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. ақын,журналист Мұрат Бекей жүргізді.
Ақынның рухына арналған кеш мазмұндылығымен, өзіндік ғибратымен ерекшеленді.