+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Коченов Юрий Николаевич «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына 400-ден астам кітаптарын сыйға тартты

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Шымкент қаласының тұрғыны Коченов Юрий Николаевич «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына 400-ден астам өзі жинаған шетел, орыс және қазақ классиктерінің кітаптарын сыйға тартты.
Юрийй Николаевич көптеген жылдар бойы «Южный Казахстан» газетінің беделді заңгері болып қызмет атқарды. Кітап оқуға деген қызығушылығы бала күнінен бастау алып, атадан балаға мұра етіп сақталып келе жатқан кітаптарын көпшілік оқырман қауымға табыс етті.
Оңың сөзінше, «Кітап – сарқылмас байлық. Бұл жинақтар сөрелерде шаң басып тұруға арналмаған, атамннан бастап немерелеріме дейін оқылып келген кітаптар. Сондықтан «Отырар» кітапханасының талғамы биік оқырмандары жылдар бойы жинаған құнды дүниені сүйсіне оқиды деп сенемін».