Қырғыз елінің бас қаласы Бішкектегі Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық сурет музейінде КСРО Суретшілер одағы мен ҚР Көркем академиясының мүшесі, суретші, гобеленші, ҚР Мәдениет қайраткері Құттыбек Тыныбекұлы Жақыптың "Ұлы дала әуені" деп аталатын жеке көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті. Көрме Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналып отыр. Көрме жұмысы қыркүйектің 2-ші жұлдызына дейін созылады.
Осыған орай, "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы қырғыз бауырлас елде кітап көрмесін жасақтады.
Сондай-ақ, кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы гобеленші Құттыбек Тыныбекұлына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың атынан Алғыс хат табыстады.