+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Балалық бақытты, жырлаған ақын»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен балалар жазушысы Нұрхан Жанаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Балалық бақытты, жырлаған ақын» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Әдеби кешке өлкетанушы Мәдіхан Омарұлы, № 130 мектеп, № 80 мектеп оқушылары қатысты. Бүлдіршін оқырмандар Нұрхан Жанаевтың шығармаларынан үзінділер оқып, өлеңдерін жатқа айтты.
Шара ұйымдастырушысы Дариха Турабаева оқырмандарға Нұрхан Жанаевтың кітаптарын оқуға шақырып, кеш қонақтары мен қатысушыларына алғыс білдірді.