Айша Абдуллина
«Отырар» облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова Бішкек қаласына сапары барысында сахна саңлағы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 64 жыл еңбек еткен Айша Абдуллинаның үйіне арнайы барып сәлемдесіп қайтты. Айша апамыз 5-6 жылдан бері қызы Айгүл мен күйеу баласы Сейіттің қолында Бішкек қаласында тұрады. 102 жасқа келген Айша Абдуллина апамыз шымкенттіктерге дұғай-дұғай сәлемін жолдады.