«Бисермен жұмыс істеу техникасы»
2018 жылдың 13 тамыз күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бисермен жұмыс істеу техникасы» атты шеберлік сабақ өтті. Қазіргі таңда бисермен қазақтың ою-өрнектерін, бойтұмар, алқа, шашпау тағы басқа сәнді әшекейлер тоқу сәнге айналды. Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің арнайы пән оқытушысы Л.Дүйсебекова өнер бөлімінің тұрақты оқырмандарына моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, бисерден бұйым жасау технологиясы туралы айтты. Іс-шараға қатысқан өнерлі қыздар аталмыш қолөнер түрінің ерекшелігі мен қыр-сырлары туралы мәліметтер алып, қызығушылық танытты.