+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АРУ ҚАЛА – АСТАНА

2018 жылғы 3 шілде күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Өнер әдебиеттері" залында Астана күніне орай «Ару қала – Астана» атты өнер кеші өтті. Іс-шараға «Қаржы» газетінің Баспасөз бөлімі журналисті Ислам Нұрмағамбетов, аудандық кітапханашылар, "Ақерке" балалар залының оқырмандары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында кеш қонақтары Сарыарқа төсінде Еуразия кіндігінде орналасқан әсем қала Астананың тарихынан сыр шертті.
Бас қаланың мерейтойына арнап балалар Елордаға деген махаббатын жыр-шумақтары мен патриоттық әндер арқылы жеткізді. Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ару қала – Астана» атты кітап көрмесі оқырман қауым мен кеш қонақтарының назарына ұсынылды.
Өнер кешінде белсенділік танытып ән-жыр орындаған әрбір бүлдіршінге кітап сыйға тартылды.
Сондай-ақ кеш соңында бүлдіршін оқырмандарға Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында Түркістан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың тапсырысы бойынша Бәйдібек ауданының 90 жылдығына арнап («САҚ» киностудиясы, «Оңтүстікфильм» КММ) түсірілген «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің көрсетілімі ұсынылды.