+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ БИІГІ!

Кез келген егемен мемлекеттің бұлжымас және ажырағысыз нышаны – осы мемлекеттің өз сыртқы саяси бағыты және соның негізінде құрылатын дербес дипломатиялық қызметі болып табылады. Сонымен қатар, дипломатия ұғымын халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, тереңдету, халықаралық қақтығыстарды болдырмау, реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен де байланыстырады.
Яғни, мұндай мақсаттарға қол жеткізу тікелей сөз өнерімен байланысты екені анық. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.
Ежелгі грек философы Демосфен: "Елшілердің жаяу әскері де, әскери кемелері де, қаруы да жоқ. Оларда тек сөз ғана бар».
Осыдан кейін дипломатия жемісі тікелей сөз құдіреттілігіне байланысты екенін аңғаруымыз қиын емес.
Осы орайда, "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы 2 шілде – Дипломатия күніне орай кітап көрмесін жасақтады.