+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ДОМБЫРА - АСЫЛ МҰРА

2018 жылғы 28 маусым күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Өнер әдебиеттері" бөлімінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – асыл мұра» атты өнер кеші өтті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев биылғы жылдан бастап шілде айының алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра» күні деп жариялаған болатын. Елбасының бұл бастамасы – ұлттық дәстүр мен өнерді жаңғыртуға жол ашатыны сөзсіз.
Іс-шараға Шымкент қаласындағы Ж.Омарова атындағы №1 балаларға арналған саз мектебінің директор орынбасары, дәстүрлі музыкалық өнерді насихаттаушы, ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар, кітапхананың ғылыми хатшысы З.Жантасова, №90 жалпы орта мектебінің мұғалімі Ләйлә Жасұзаққызы, оқушы жастар және кітапхана қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ шараға Қалмахан Омардың өнерлі шәкірттері Оңғар Дәулет, Шындәулет Мәди қатысып, өнерлерін жиылған қауымға тарту етті.
Кеш барысында домбыраның қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, ел басына қатер төнген тұста да көңіліне жұбаныш бола білген ұлы аспап екендігі насихатталды.
Кітапхана қызметкерлері «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.