БАЛАЛАР БАСПАСӨЗІ – ОҚЫРМАН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРАЛЫ
2018 жылғы 28 маусым күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мерзімді басылымдар секторы мен «Ақерке» балалар залының бірлесіп ұйымдастыруымен «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай «Балалар баспасөзі – оқырман тәрбиелеудің алғашқы құралы» атты «Ақылдым» журналының ұжымымен шығармашылық кездесу кеші өтті.
Кездесу кеші Мәдениет қайраткері, журналист-жазушы, кітапхананың директоры К.Айдарбекованың алғы сөзінен басталды. К.Айдарбекова өз сөзінде бала оқырмандарды кітапты көп оқуды насихаттап, болашақта білімді, әрбір саласының білікті мамандары болып қалыптасуларына тілектес екендігін білдірді.
Кеште журналдың бас директоры Б.Нарымбетова Елбасымыздың «Келешекте мемлекетті компьютер меңгерген адам емес, кітап оқыған адам басқарады» деген қанатты сөзін тілге тиек етіп, алдағы уақыттарда кітапхананың «Ақерке» балалар залының оқырмандарымен бірлесе шығармашылық жұмыстар атқаратындығын айтып, көңілге қуаныш ұялатты.
Шарада бала оқырмандар «Ақылдым» журналынан оқыған, оқып ойға түйген шығармаларын кешке қатысушы оқырман қауымға тарту етті.