+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗҒА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

Қазақтың бүгінгі таңдағы ғұлама ғалымы Мырзатай аға Жолдасбековтың терең танымы мен табандылығының арқасында үшінші рет басылым көрген Бекасыл әулиенің «Зикзал» еңбегі толыққанды аударма, түсініктемелерімен жарық көруі Қазақ рухани дүниесіндегі үлкен жетістік. Аударма саласындағы зор табыс екеніне дау жоқ. Алғашқы нұсқасын аударғандар – Мақсұт Шапиғи мен Сәрсенті Дәуітұлы болса, екінші нұсқасын Абдулла қажы Жолдасұлы аударғанды. Дегенмен араб, парсы, түрік-шағатай тілдерінде жазылған еңбекке кез-келген аудармашының тісі бата бермесі анық. Аудармашы да өзге тілдер терең әрі жетік білген білімдер болмағы абзал. Бұл тұрғыда бірнеше тілдің білгірі, дінтанушы Зеріпбай Оразбайдың бұл еңбекті толық аударғаны бүкіл қазақ жұрты үшін үлкен ғанибет болған. Аса құнды бұл еңбектің түсіндірме сөздігі мен ғылыми түсініктерді жазған ғалым Қазыбек Тәжиевтің біліктілігі Бекасыл бабаның жазбасын ел игілігіне толық ұсынуға үлкен себепкер екенін де атап өткен жөн.
Ғұламаның шөбересі генерал Ержан Исақұлов баба еңбегін 2002 жылдан бері тынымсыз жариялануға ұйытқы болуымен бүгінде оның ұлттық рухани қазынаға айналғанына еңбек сіңіргені кімді де болса бейжай қалдырмайды. Ендігі жерде «Зикзалды» жастар ортасында, көпшілік алдында тұрақты насихаттау, түсіндіру ғибратын терең меңгеру қажет. Ол енді баршамыздың ортақ шаруамыз.

Қайырғали Медет
Журналист-жазушы