«Рухани жаңғыру: дін мен дәстүр үйлесімі және ұрпақтар сабақтастығы»
2018 жылғы 19 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру: дін мен дәстүр үйлесімі және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында бауырлас елдер имамдарының форумы өтті.
Форумға қатысушылар назарына «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханашылары тәуелсіз еліміздің әлемдік аренада қолжеткізген табыстары дәйектілікпен жан-жақты көрініс тапқан әдебиеттер мен материалдардан тұратын кітап көрмесін ұсынды. Көрмеде бауырлас өзбек елінің тарихы мен мәдениеті туралы, әдебиетінің ірі өкілдері, атап айтқанда, Айбек, Әлішер Науаи, Абдулла Қаһар сынды қаламгерлерінің шығармаларынан сыр шертер кітаптар көрініс тапты.
Кітап көрмесіне әлем халықтарын бейбітшілікке, татулыққа үндейтін ислам діні жайындағы әдебиеттер де қойылды.