+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ЛАТЫН ТІЛІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗУ" АКЦИЯСЫ

2018 жылдың 19 маусым күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшіру» жобасы бойынша «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында латын тілінде диктант жазу акциясы өтті.

Оқырмандардың назарына қазақ жазуының тарихы, 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазақ тілін латын қарпіне көшіруді айқындайтын слайдтық таныстырылым ұсынылды.

Диктант жазушылар қатарында зейнеткерлер, кітапхананың тұрақты оқырмандары, мұғалімдер, сондай-ақ студент жастар да бар.

Шара аяқталған соң қатысушылар пікірлері мен диктант жазудағы әсерлерімен бөлісті.