+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«БАТЫРЛАР ЖЫРЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

Ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тарағандарының бірі — батырлар жыры.
2018 жылдың 18 маусым күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында оқырмандардың батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту, білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру және еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында «БАТЫРЛАР ЖЫРЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ» атты танымдық сағаты өтті. Шара барысында балалар қазақ халқының батырлар жырынан үзінділер оқып, кітапханашы А.Аманованың тақырып аясындағы қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берді.