+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар» кітапханасы – Білім орталығы»

2018 жылдың 15 маусым күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы бірлесе ұйымдастыруымен «Кітапхана – Білім орталығы» бастамалық жобасы бойынша «Отырар» кітапханасы – Білім орталығы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К. Айдарбекова шараның модераторы міндетін атқарды. Семинарда «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ орынбасары Қ.Жантөреева, Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының Ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ж.Орманов, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің доценті Х.Исмаилов, кітапхананың ғылыми хатшысы З. Жантасова тақырып аясында баяндамаларын жасады.
Кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы Л. Қалтаева, А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК директор орынбасары Р.Бабажанова, Ы.Алтынсарин атындағы ОБК-ның АББ басшысы Ф.Ахлиукова Астана қаласындағы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің І фестивалі және ИФЛА аясындағы «Кітапханалық қарым-қатынас: кітапхана дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер» VІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жайында баяндаса, Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында кәсіби білімін жетілдіру курсына қатысып қайтқан Құжаттарды өңдеу секторының басшысы Г. Медеуова іс-тәжірибеден өтудегі әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, шарада «Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші» және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тартуы - Астана» тақырыптарындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.