+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мағжан – адамзат және ұлт ақыны»

2018 жылғы 14 маусым күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Мағжан – адамзат және ұлт ақыны» атты әдеби кеш өтті.
Кеш барысында ОҚМПУ-нің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Р.Кажиакбарова, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми-әдістемелік бөлімі меңгерушісі М.Омар, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Аблязова, Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Туғанбаева ақын Мағжан Бекенұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы, мағжантану жайында баяндап, поэзия әлемінің жарық жұлдызы атана білген ақынның жастар үшін өнеге екендігін жан-жақты талдады. Әдеби кешті кітапхананың ғылыми хатшысы, ф.ғ.к., доцент З.Жантасова жүргізді.
Оқушы жастар ақынның лирикасынан үзінділер оқыды.