+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Баспасөз тілінің құдіреті"

2018 жылдың 12 маусым күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай "Әжір" республикалық балалар журналының редакторы Мақпал Батырбекқызы, журнал тілшісі Әйгерім Бегімбеттің қатысуымен "Баспасөз тілінің құдіреті" тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында "Ақерке" балалар залының кішкентай оқырмандары болашаққа деген арман-мақсаттарымен бөлісіп, "Әжір" журналының жазбаларын жатқа айтты. Сонымен қатар, әрбір қатысқан бүлдіршін оқырмандарға журнал таратылып, іс-шарада белсенділік танытқан, жатқа өлең оқыған оқырмандар "Алғыс хатпен" марапатталды.