+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Табиғи материалдардан бұйымдар жасау»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер әдебиеттері» бөлімінде «Табиғи материалдардан бұйымдар жасау» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету мақсатында қаламыздағы №127 жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ақбөпе Тленшина жастарға арнап шеберлік сыныбын өткізді.
Іс-шараға қатысқан өнерлі қыздар аталмыш қолөнер түрінің ерекшелігі мен қыр-сырлары туралы мәліметтер алып, қызығушылық танытты.
Кеш қонақтарын кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.