+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Өлмейтұғын ұлы ағыс"

2018 жылғы 8 маусым күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында "Өлмейтұғын ұлы ағыс" жобасын негізге ала отырып, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтау мақсатында балалар жазушысы Қосжан Мүсіреповтың туылғанына 86 жыл толуына орай, «Балалық ойдан даналық әлемге» атты әдеби-портрет кеші өтті. Кеш барысында балалар жазушының өмірі жайында баяндап, шығармаларынан үзінді оқыды.
Шараға оқырман-оқушылар,ұстаздар, ата-аналар, кітапханашылар қатысты.