«Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырудағы кәсіподақтардың рөлі»
2018 жылғы 7 маусым күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «10 маусым – Кәсіподақтар күні» аясында «Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырудағы кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жобасының өңірде жүзеге асырылуын қамтамасыз етудегі кәсіподақтар орталығының үлесі, сондай-ақ, аталмыш жобаның негізгі бағыттары мен нәтижелері жайында баяндамалар жасалынды.