1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Балалар көркемсурет мектебі ЮНЭСКО клубымен ұйымдастыруымен Орталық саябақта «Бақытты балалық шақ» атты асфальтқа бормен сурет салу байқауы өтті.
Байқауға қатысушы өнерпаз балалар өздерінің ғажайып қиялымен айналадағы қоршаған дүние әлемін ашық бояулар арқылы бейнеледі.
Сайыс соңында қатысушы 100 өнерлі бүлдіршінге ұйымдастырушылар тарапынан тәтті сусындар мен балмұздақтар, балаларға арналған кітаптар табыс етілді.
Әділқазы мүшелері сурет салу шеберлігі мен шығармашылық белсенділігін басты назарға ала отырып, байқау жеңімпаздарын анықтады. Байқау жеңімпаздары «Ең көркем композиция» номинация иегері және I, II, III дәрежедегі Алғыс хаттармен марапатталды.