«Зикзал»
САРМАНБАЙ ИСАҚ
ҚР Жазушылар одағы мүшесі
жазушы – фантаст
Қазақ халқының рухани мақтанышына айналған ғұлама Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты тағылымды, ерекше ғибратты шығармасының жаңа аудармасы туралы ой пікірім.
Біздің қолымызға тиіп отырған «Зикзал» атты өте құнды, ислами діни танымдық кітабы баға жетпес аса құнды ғибратты шығармалар. Бүгінгі таңда еліміз Тәуелсіздік алып исламның, қасиетті құранның ерекше, асыл, адамзаттың ғасырлар бойы ұрпақтардан беріліп келе жатқан салт-дәстүрлерін, кемеңгер ой-өрістерін, дінге деген шынайы көзқарастарын бізге тағылымды түсінікті тұрғыдан керемет етіп жеткізіп отырған екі томдық қалың кітаптар біздің мақтанышымыз.
Алла тағаланың кереметтерін оқып үйренгіңіз келсе осы кітаптарды басыңызға жастанып оқыңыз. Алла тағаланы жаңаша бағытта тану, оқу, білу оның адамзат баласына айтар ойларын, кереметтерін өте жақсы талдап жеткізе білген. Аталған кітаптарды біздің жас ұрпақ, халық көзі ашық көкірегі ояу оқырман үшін қуанышпен қарсы алуда. «Зикзал» кітаптары әрбір оқырманның төрінен орын алатын құнды шығармалар. Кітапқа Ислам діні, қасиетті киелі Құранның ауқымды мағынасы мен хадистері, Пайғамбарлар өмірі мен тарихына қатысты тың деректер терең зерттеліп, талданып жазылған...
Кітапта қасиетті Құран адамзат баласына жұмбақ құдреттерін өте керемет зерттеп аша түскен... Сондықтан да, «Зикзал» атты керемет кітаптарды мұхият зерттеп, зерделеп ой елегінен өткізіп оқиық дегім келеді.