2018 жылғы 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен балалардың бойында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие қалыптастыру бағытында «Балғын балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Шара барысында балалар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынып, домбырада күй шертіп, ән шырқап, ата-аналарымен бірге интеллектуалдық-танымдық ойындар ойнады.
Мерекелік кешке мектеп оқушылары, ата-аналар, кітапханашылар, жалпы оқырман қауым қатысты.