"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өтті. Кәсіптік мереке күні кітапхана дамуына өзіндік үлес қосып жүрген кітапханашылар алғыс хатпен марапатталды.
Ұжым өмірін кітапхана ісіне арнаған кітапханашы Маликова Тұрғанкүл Сабекқызын құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.