+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Естен кетпес қасірет»

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тұғырын бекіткеннен кейін, қазақ зиялыларының халық таныған абзал ұлдарының есімі халықпен қайта қауышып, олардың рухани мұралары халықтың игілігіне айналуда.
«Халық жауы» ретінде жазықсыз атылған, ұлтының ұлы мұраттары жолында құрбан болған Алаш ардақтыларының өмірі мен қызметін жаңғырту, саяси репрессия құрбандарының ұлтының ұлы мұратына жету жолындағы еңбектерін жастарға насихаттау мақсатында бүгін "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында танымал ұстаз, тарихшы Өмір Шыныбекұлы, Шымкент қалалық мұрағатының бөлім басшысы А.Сейтова, Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Н.Әмірбекова, студент жастар, кітапханашылардың қатысуымен «Естен кетпес қасірет» атты дөңгелек үстел өтті. Шара кітапхана директоры К.Айдарбекованың кіріспе сөзінен бастау алды.