+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кітапханалық ықпалдастық: заманауи әлемдік үдерістер»

Бүгін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К.Айдарбекова кітапхана қызметкерлеріне Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2018» атты І фестивалі , сонымен қатар Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚР ЖОО кітапханаларының Ассоциациясы ұйымдастыруымен өткен «Кітапханалық ықпалдастық: заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбындағы VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жайында баяндап, конференцияның қорытындылары, кітапханаларға білімді мамандарды тарту, кітапхананың дамуындағы заманауи үдерістер, кітапхананың қоғамдағы рөлі және тбасқа да мәселелер жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Кітапхана ұжымы директор К.Айдарбекованы «Кітапхана шебері" төсбелгісімен, Кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы Л.Қалтаеваны Алғыс хатымен құттықтап, құрмет білдірді.