+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кітапханалық ықпалдастық: заманауи әлемдік үдерістер»

2018 жылдың 24 мамырында Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚР ЖОО кітапханаларының Ассоциациясы ұйымдастыруымен «Кітапханалық ықпалдастық: заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбындағы VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның 2-ші күні Ұлттық академиялық кітапханада өтті.
Конференцияда кітапханаларға білімді мамандарды тарту, кітапхананың дамуындағы заманауи үдерістер, кітапхананың қоғамдағы рөлі және т.б. мәселелер талқыланды.
Шара барысында Назарбаев университеті кітапханасының бас сарапшысы П.Михаилович, кітапханалар Ассоциациясы мен мекемелерінің халықаралық федерациясының даму бағдарламасы кеңсесінің басшысы И.Бон, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген кітапхана ісінің мамандары баяндамалар жасады.
Кітапханашылар " БҰҰ-ның даму және іске асыру - 2030" бағдарламасы аясында топтарға бөлініп, кітапхана ісі төңірегіндегі әлемдік мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Конференция семинар-тренинг түрінде өтті. Қатысушыларға сертификат табысталды. «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К.Айдарбекова «Кітапхана шебері" төсбелгісімен марапатталды. Кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы Л.Қалтаева Алғыс хатқа ие болды. Мәдениет қайраткері Күлия Смайылханқызы Халықаралық конференцияны ұйымдастырушылар тарапынан арнайы тегін шақырту грантына ие болған жалғыз кітапхана директоры.
Шараға қатысушыларға Назарбаев университеті, Елбасы кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.
P.S. Семинар-тренинг ағылшын тілінде жүргізілді. Үш тілді еркін меңгеру керек деген талап баршаға бірдей қойылғандықтан, кітапханашылар да барынша белсенді болуға тырысты. Қазақ тілін де осылай мәжбүрлі түрде үйретуді қолға алсақ, 20 жыл бұрын-ақ қазақша сайрайтын еді, шіркін...