+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы»

2018 жылдың 23 мамыр күні облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының «Мерзімді басылымдар сектор» бөлімінің қызметкерлері Оңтүстік Жоғары педагогикалық колледжінде ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
Кештің мақсаты – жастарды ақынның өмір жолы және ақын шығармаларымен таныстыру.
Кеш барысында студенттер ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ақын шығармаларының мазмұнына терең үңіліп, өз ойларымен бөлісті.