«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ»
2018 жылғы 24 мамыр күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Тәуелсіздік жаршысы» атты шара өтті. Шара барысында ф.ғ.к., кітапхананың ғылыми хатшысы З.Жантасова Абай мұраларын, ілімі мен өнегесін жастардың бойына сіңіру, Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігін аңсап, ұлт болашағы үшін атқарған қызметтерін ұрпаққа үлгі ретінде дәріптеу мәселелерін айтып өтті.
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Әлімбеков ұлттың бойында сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы тақырыбына тоқталды.
Тарих ғылымдарының магистрі, республикалық жас тарихшы ғалымдар қауымдастығының мүшесі А.Оралова Жанайдар Сәдуақасовтың 1932-1933 жылдарындағы аштық нәубеті жайлап, халық аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастаған тұста еліне көмекке ұмтылған республика басшыларының бірі екендігін айта келе, Сәдуақасовтың өмір жолының алғашқы кезеңі С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи романыңда суреттелгені жайында баяндап, Жанайдар есімі жұрт жадында жаңғыртылуы тиіс деп сөзін қорытындылады.
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Әлмұхамед Бақытжанұлы Жанайдар Сәдуақасовтың өмірі мен қоғамдық қызметін баяндап, Алаш ардақтыларына арнауын оқыды.
Шара барысында әнші Досжан Әбдіманапұлы «Ойламаңдар, жігіттер» атты термесін жиылған қауымға тарту етті.