+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Созақтың сыршыл суреткері

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы "Құрмет" грамотасының, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатының» иегері, Созақ ауданының Құрметті азаматы, жазушы, тарихшы, ақын, аудармашы Дулат Тұрантегінің «Созақтың сыршыл суреткері» тақырыбында шығармашылық кеші және «Ақ жауын ой... сергек сын», «Құт дарыған өлке» атты қос кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, Созақ ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері өз лебіздерін білдірді. Дәстүрлі әнші Е.Жүсіпов «Сайра бұлбұлым» әнін орындаса, ақынның «Алтын бесік Түркістан» атты өлеңін «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауының жүлдегері, жас оқырман Д.Ибадулла оқыды. ОҚМПИ студенттері дайындаған әдеби композия өте әсерлі шықты. Кешті ф.ғ.к., доцент Ш.Әділова жүргізді.