+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Рухани қазына – 2018"

Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің І фестивалі кеше өз мәресіне жетті. "Рухани қазына – 2018" фестиалінің жабылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Қайнар ауылдық кітапханасының қызметкері Амангельдинова Нұржамал "Ауылдық маңызы бар үздік мемлекеттік кітапхана қызметкері" номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 250000 теңге ақшалай сыйақыға ие болса, А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық кітапхана директорының орынбасары Раушан Бабажанова "Кітапхана ісінің шебері" медалімен марапатталды. Оңтүстік өңірінен барған басқа да мәдениет қызметкерлері Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталды. Марапаттау рәсімі Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертімен ұласты.