+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Назымгөй нақыш Нармахан»

2018 жылғы 17 мамыр күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Отбасылық оқу – ұлт болашағы» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, аудармашы, К.Симонов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Нармахан Бегалыұлы және оның отбасымен «Назымгөй нақыш Нармахан» атты кездесу кеші өтті.
Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытында ұйымдастырылған шығармашылық кешке Шымкент университетінің студентері мен оқытушылары, № 80 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шарада жастар Нармахан Бегалыұлының өлең-жырларын оқып, ақын өмірі мен шығармашылығынан өнеге алды.