+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мұражай – өлкенің тарихы»

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне орай Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Мұражай – өлкенің тарихы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Музей күніне орай өткізген іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін «Отырар» кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы және кітапхана ұжымы алғыс хатпен марапатталды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жастарды кітап оқуға шақырды.