+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Рухани қазына»

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Астана қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің І фестивалі өтті. ҚР Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзінен бастау алған фестивальге ҚР Перзиденті Әкімшілігі басшысының орынбасары О.Оразалин, ҚР Перзиденті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Балаева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, "Оқитын ұлт" қоғамдық қозғалысының негізін салушы Н.Әлтаев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Бегентаев, Грузия Ұлттық Парламенттік кітапханасының ресурстар бойынша департамент директоры Л.Тактаишвили, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Д. Дүйсебаева, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі жанынан құрылған Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары А.Елгезек және "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы қатысты.
Фестивальде отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, жандандыру ісі мәселелері көтерілді.