«Бабалар сөзі»
«Бабалар сөзі» атты серияның жетінші томы алғашқылары сынды хикаялық дастандарға арналған. Бұл томға өте көлемді, 9312 жолдан тұратын «Әбуғалисина, Әбілхарис» дастаны еніп отыр. Бұл шығарма 980-1037 жылдары өмір сүрген белгілі ойшыл, ғұлама Ибн Синаға (Авиценна) арналған. Бірақ бұл тарихи шығарма емес. Дастанның бас кейіпкері өзінің прототипі – тарихи Ибн Синадан мүлде алшақтап кеткен, түптеп келгенде ол бұқара халықтың бақытты өмір сүруін, әділеттілікті аңсаған арман-қиялынан туған типтелген фольклорлық бейне.
«Бабалар мұрасымен» танысып, оқыңыздар!