+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЕҢБЕКПЕН ШЫҢДАЛҒАН ТАЛАНТ

2018 жылғы 5 мамыр күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мәжіліс залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" орденінің иегері Сапар Өтемісовтің 75 жасқа толуына орай «Еңбекпен шыңдалған талант» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға жазушы-драматург, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов, ақын Н.Бегалыұлы, ҚР мәдениет қайракері, п.ғ.к., профессор, еңбек ардагері Н.Камалова, театр өнерінің маманы Ә.Жандарбеков, п.ғ.к, доцент М.Мұхаммедин және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Ілиясқаров, ҚР мәдениет қайраткері А.Жұмабекова, ҚР мәдениет қайраткері К.Еспаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Р.Салова, ҚКХП-ның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Н.Қадырқұлов және оқушылар, студенттер, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Сапар Өтемісұлымен кездесу кешін Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасыбек жүргізді.
Шара барысында кеш қонақтары театр сахнасында қазақ және шетел классикалық әдебиеттерінің әр кезеңінен 200-ден аса образдар сомдап, бірегей рольдері арқылы көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген өнер иесін 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның бойындағы асыл қасиеттері мен жетістікке толы өмір жолы жан-жақты тарқатыла сөз етілді.
Кеште Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері ҚР мәдениет қайраткері С.Миралиев, Т.Әлменов әсем әуендерін тарту етті.