ҰЛЫ ЖЕҢІС – БАБАЛАР ҚОРҒАНЫСЫ
2018 жылғы 5 наурыз күні 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлы Жеңіс – бабалар қорғанысы» тақырыбында өтетін тарихи-танымдық сағат өтті.
Сұрапыл соғыста осынау Ұлы Жеңіске, бүгінгі тәуелсіз елге жетудегі батыр балаларымыздың рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 65/06 әскери бөлімінің 1-ші взвод командирі М.Қалденов пен әскери бөлім сарбаздары, оқушылар, кітапханашылар қатысты.
Тарихи-танымдық сағатта кітапхана директорының орынбасары А.Арыстанова Ұлы Жеңісте қайсар ерлікпен құрбан болған батырларымыздың ерлігін ұмытпауы – бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін айтып өтсе, кітапхананың ғылыми хатшысы, ф.ғ.к., доцент З.Жантасова соғыс майданындағы батырлардың ерлік өнегесі жастарға патриоттық, елжандылық тәрбие берудегі маңызына тоқталды.
Тарих ғылымдарының магистрі, Республикалық жас тарихшы ғалымдар кеңесінің мүшесі А.Оралова «Ұлы Отан осғысы» тақырыбы Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихының ауқымы кең мәселе екендігін айтып өтіп, қан майданда қаза болған азаматтардың тұлғалық қасиеттерін тану, зерттеп-зерделеу тарихшы ғалымдарға жүктелген жауапты міндет екендігін тарқата айтты.
Іс-шараны Мәдени көпшілік шаралар секторының меңгерушісі А.Арстанова жүргізді.
Танымдақ кешке қатысқан оқушылар тақырып аясында жыр шумақтары мен патриоттық әндер шырқап, Ұлы Отан соғысының батыры Қ.Сыпатаевтың 100 жылдығына орай өмірі мен соғыстағы ерлігі жайында баяндама оқыды.