+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Талғамы биік суреткер»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-кескіндемеші Берік Сабаевтың 70 жасқа толуына орай «Талғамы биік суреткер» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға ҚР Суретшілер одағының мүшелері А.Оспанов, С.Шаржановтармен бірге суретші Бақытжан Сабаев және кеш кейіпкерінің жан досы Ө.Баймақов қатысты. Шымкент қаласындағы Қорқыт ата атындағы №22 негізгі орта мектебінің оқушылары және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенттері, оқырмандар қатысты. Оқырмандар сұрақ-жауап барысында кеш кейіпкерінің шығармашылығымен етене жақын танысты. Суретшінің үзеңгілес достары, замандастары өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, естеліктерімен бөлісті. Төлеби аудандық мәдениет үйінің әншісі Самат Атабаев тамылжыта ән шырқап көпшілікті тәнті етті. Кітапханашылар өнертанушының еңбектеріне арналған кітап көрмесіне шолу жасады.