+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

САХНА ӘЛЕМІНІҢ ПАТШАЙЫМЫ!

2018 жылғы 9 сәуір күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Құпия Рахымбердиеваның 70 жасқа толуына орай «Сахна әлемінің патшайымы» атты кездесу кеші өтті.
Шара барысында кеш қонақтары театр сахнасының патшайымы Құпия Рахымбердиеваның бойындағы асыл қасиеттері мен жетістікке толы өмір жолын сөз етті.
Өнер майталманымен кездесу кешіне Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының қызметкерлері, атап айтқанда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, драма әртісі М.Ілиясқар, ҚР еңбек сіңірген әртісі, актер С.Өтемісов, ҚР мәдениет қайраткері А.Жұмабекова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Р.Салова, ҚР мәдениет қайраткері М.Шакиров, драматург С.Қасымбек дарын иесінің ұлт руханияты мен мәдениетін дамытудағы еңбегі жайында өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.