+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Бүгін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында жеке кәсіпкер, меценат Сырым Махамбетұлы Ертаевпен кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінде Сырым Махамбетұлы өмір жолы мен мал шаруашылығының өнімділігі және өнім сапасын арттырудағы мамандардың тапшылығын айта келе, жастарды еңбек етуге шақырды. Жиылған қауымға өзінің еңбек жолы мен жеке кәсібі туралы баяндап, көпшілік тарапынан қойылған көкейкесті сауалдары мен ұсыныстарына жауап берді.