2018 жылдың 11 сәуір күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында оқырмандар мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында "Тіршіліктің негізі – салауатты өмір" тақырыбында әдеби кеш өтті. Кешке қатысқан №80 мектептің оқушылары тақырып аясында мақал-мәтелдер айтып, әндер орындап, би биледі. Іс-шарада балалардың жеке бас гигиенасын сақтау, дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану сынды мәселелер жөнінде кітапханашылар тарапынан мағлұматтар мен кеңестер айтылды.