+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«БІР КІТАП – БІР СУРЕТ» АТТЫ СУРЕТ САЙЫСЫ

2018 жылдың 11 сәуір күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық мәдениет құндылықтарын жаңғырту мен қатысушылардың тапқырлығы, шеберлігі, сондай-ақ, танымдық қабілеттерін айқындау мақсатында «Бір кітап – бір сурет» атты сурет сайысы өтті.
Сурет байқауына Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің арнайы пән оқытушысы Л.Дуисебекова, №44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің сурет пәнінің мұғалімі Б.Мамақова, педагог-ұйымдастырушы К.Сугирбаева, аға тәлімгер Р.Абдикеримова және №130 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Шара барысында сайысқа қатысушылар «Бір ел – бір кітап 2018» акциясы бойынша таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» атты шығармасын оқып шығып, шығармадан алған әсерін суретке салу арқылы жеткізуге тырысты. Қатысушылар шығармадан түйген ойларын әңгімелеп берді. Сайыс соңында әділқазы мүшелері қатысушылардың жас ерекшеліктері бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталып, марапатталды.