+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мешіт жанындағы "Ақылдастар алқасы" мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арналған үндеуіне орай, бүгін "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жиын өтті.
Жиында еліміздегі дәстүрлі де қастерлі Ислам дінін өркендетудің жолдары мен бағыттары, дін мен дәстүрдің сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері сөз етілді.
Іс-шараға Қаратау ауданы әкімінің орынбасары М.Тажибаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы С.Сапарбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев, ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Тоқмағанбетов, Қаратау аудандық әжелер кеңесінің төрайымы З.Бекмурзаева, сондай-ақ облыстық дін істері басқармасы мен Қаратау аудандық әкімдігінің қызметкерлері қатысты.