+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ"

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру және балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мен оны күтіп ұстауға тәрбиелеу мақсатында "Кітап – білім бұлағы" атты танымдық кеші өтті. Танымдық кешке №4 Кәусар балалар-интернатының оқушылары қатысып, кітап туралы өлеңдер оқып, сахналық көрініс қойды. Балалар жарыса өлең оқыған, үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) өткен іс-шара Ибрагим Ескендірдің "Көк тудың желбірегені" өлеңімен аяқталды.