"Наурыз мейрамын"
14 сәуір күні Халықаралық бірлік белгісі ретінде халқымыздың салт-дәстүрлеріне құрмет көрсете отырып және Елбасымызбен ұсынылған "Бес әлеуметтік бастама" насихатын қолдай келе, ОҚО кәсіподақ мекемелері "Наурыз мейрамын" киелі Қазығұрт тауларының етегінде ұйымдастырып, Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтті. Аталмыш мерекеге орай "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері кітап көрмесін жасақтап, көпшілік қауымның назарына ұсынды.