«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог А.Н.Подушкиннің 65 жылдық мерейтойына орай «Өңір өркениетін зерделеген ғалым» атты кездесу кеші өтті.
Қазақ хандығының тарихи іс жүзінде Қазақ мемлекеттілігі тарихының бір бөлшегі болса, Қаңлы өркениеті оның сан қатпарлы тарихындағы айшықты кезең. Дәл осы кезеңнің проблемаларымен ұзақ жылдардан бері айналысқан археолог-ғалым Александр Подушкин қазақ тарихы мен өңірдегі археологиялық қазбалар, тайпа таңбалары туралы деректер мен қыштағы жазулардың табылуы жайында көптеген құнды ойларымен бөлісті. Кешті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Анарбаев жүргізді. Өлке, қазақ тарихы жайында көптеген жаңа пайымдаулар мен құнды ойлармен ерекшеленген кеш тыңдарманға үлкен ой ұялтқаны соншалық, студенттер тарихқа, өңір жайындағы деректерге қызығушылық танытып, ғалымға сұрақтар қойды.