«Отан – отбасынан басталады»
Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай "Ақерке" балалар залында "Отан – отбасынан басталады" тақырыбында танымдық сабағы өтті.
Сабақтың басты мақсаты: оқырмандарға отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету, отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани құндылығымыз кітап оқуға баулу.