+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАҢА ӘЛІПБИ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

2018 жылғы 26 сәуір күні "Оқырмандарға қызмет көрсету" бөлімінің ұйымдастыруымен "Жаңа әліпби - жарқын болашақ кепілі" тақырыбында пікірлесу кеші өтті. Іс-шара барысында латын графикасына көшудің маңыздылығы, латын қарпіне көшудің оң тұстары, әлемдік өркениет пен ақпараттық кеңістікке енудің жолындағы әліпбидің орны жайында сөз етілді. Мирас университетінің студенттері қатысқан пікірлесу кешінде белсенділік танытқан жастар латын әліпбиіне көшудің артықшылығы мен ерекшелігі мәселесіне қызығушылық танытып, өзіндік пікірлерін айтуға мүмкіндік туды.