+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық өкілдігінің ашылуы

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық өкілдігінің ашылуына орай "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының аймақтық даму бойынша вице-президенті Ғ.Бейсембаев , Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының төрайымы, Шымкент қалалық балалар көркем сурет мектебі – ЮНЕСКО клубының директоры Т.Оразова және Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов, сондай-ақ, клуб мүшелері қатысты.