+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Суреткер, қаламгер Тәкен»

2018 жылғы 27 сәуір күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығына орай «Суреткер, қаламгер Тәкен» тақырыбында әдеби кеш өтті. Жазушының өмірі мен қызметі және шығармашылығына арналған кешке Шымкент университетінің, Жол-көлік колледжінің, Жаңа инновациялық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Кеш барысында ақынның шығармалары оқылып, тұрақты оқырманымыз Ж.Құрманғали кеш қонақтарына «Балбырауын» күйін тарту етті.